Ссылки доступа

Медведев Түркиядан келетін азық-түлікке шектеуді алып тастады


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Түркиядан келетін тауарға қойылған шектеуді алып тастау жөнінде бұйрыққа қол қойды.

Жұма күні үкіметтің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, түріктің құрылыс компанияларына Ресейде жұмыс істеуге салынған тыйымды да алып тастаған.

Осы аптада Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қатысты санкцияларды жартылай алып тастау жөнінде жарлыққа қол қойған. 3 мамырда Сочидегі Путин пен Түркия президенті Режеп Ердоғанның кездесуінде осындай шешімге келген.

2015 жылдың қараша айында Сирияда түрік әскері Ресейдің тікұшағын атып түсіргеннен кейін, екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап, Ресей Түркияға экономикалық санкция салған.

XS
SM
MD
LG