Ссылки доступа

Астана Сирия жөніндегі келіссөздің келесі кезеңін қабылдауға дайын


Астанада 12-13 маусымда Сирия жөніндегі келіссөздің келесі кезеңі өтеді деп хабарлайды ресейлік ақпарат құралдары Ресейдің Сириядағы елшісі Рияд Хаддадтың сөздеріне сілтеме жасап. Ол РИА Новости агенттігіне Дамаск делегациясы шақырту алған деген.

Алайда Сирия оппозициясы келіссөзге қатысу жөнінде әлі шешім қабылдамады деп мәлімдеді оның өкілі Яхья әл-Ариди.

4 мамырда Астанада өткен алдыңғы келіссөз барысында Ресей, Түркия және Иран өкілдері арнайы меморандумға қол қойды. Онда Сирияда қауіпсіз аймақ құру туралы айтылған. Бірақ бұл шешімге Сирия оппозициясы қарсы шыққан. Меморандумда Сирияның төрт жерінен «деэскалация аймағы» құрылатыны айтылған.

Сирия оппозициясы Астана меморандумына Тегеранмен бірге қол қоюға қарсылық білдіріп, залды тастап, шығып кеткен. Иран мен Ресей Башар Асад билігін жақтаса, Түркия Асадтың қарсыластарына қолдау көрсетіп келеді.

2011 жылдан бері Сирияда азаматтық соғыс жүріп жатыр, 400 мыңнан астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG