Ссылки доступа

Сандерс: Трамп жаңа санкциялар туралы заңды қолдайды


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге, Иранға және Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салу жөніндегі заң жобаларын қолдайды. Бұл жөнінде ABC телеарнасы арқылы Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы Сара Сандерс мәлімдеді.

Ол сонымен бірге әкімшілік заң жобасын әзірлеуде Конгреспен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін, себебі құжатта кемшіліктер барын атап өткен. Мәселе Мәскеуге қарсы санкцияларға қатысты президенттің өкілеттігін шектеуге қатысты.

Жексенбі күні Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі жаңа директоры Энтони Скарамуччи CNN арнасында Конгресс жаңа заңды қабылдаған кезде Трамп оған қол қояды ма, жоқ па әзірге шешім қабылдаған жоқ деп мәлімдеген.

Сенбі күні екі партияның конгрессмендері Ресейге және Иранға қатысты қосымша санкциялар салу жөніндегі жаңа заң жобасын мақұлдаған. Оған республикашылдар Солтүстік Кореяға қатысты да өзгерістер енгізген.

25 шілдеде құжат Палата өкілдерінің алдына дауысқа салуға түседі. Конгресс әр палатаның үштен екі даусымен президент қойған ветоны еңсеруі мүмкін.

XS
SM
MD
LG