Ссылки доступа

Қырғызстан президенттігіне үміткерлер қырғыз тілінен емтихан тапсырып жатыр


Мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссия қырғыз тілінен сынақ тапсыратын алғашқы төрт үміткерді анықтады. Олардың арасында қамауда отырған оппозиционер Өмірбек Текебаев бар. "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі емтиханды бүгін, 26 шілдеде тапсырады.

"Лига-антикризис" орталығының директоры Назарбек Нышанов сынақты бірінші болып тапсырады. Ол мемлекет басшысы қызметіне үміткерлікке ең бірінші өтінішті өткізген еді. Екінші өтінішті Өмірбек Текебаев тапсырған, ереже бойынша, ол Нышановтан кейін сынақтан өтуі тиіс. Бірақ Первомай аудандық сотының судьясы Айбек Эрнис уулу 25 шілдеде оның төлқұжатын бермей қойды.

Орталық сайлау комиссиясы сотталушыны мемлекеттік тіл сынағынан қалай өткізу керектігін анықтай алмады. Текебаевтың жақтастары ОСК ғимаратына жиналды.

Қырғыз тілі емтиханын бүгін тапсыратындар арасында "Ак Шумкар" партиясының басшысы Темир Сариев және "Ауирдин" компаниясының директоры Арстанбек Абдылдаев бар. Соңғысы "Зима не будет" деген сөзімен танымал болған.

Емтихан екі сағатқа созылады. Заң бойынша, үміткер 60 ұпайдан жоғары ұпай жинауы керек.

XS
SM
MD
LG