Ссылки доступа

Қырғызстан мен Өзбекстан футболды жанкүйерсіз ойнайды


Сборная Кыргызстана. Архивное фото.
Сборная Кыргызстана. Архивное фото.

Қырғызстан мен Өзбекстан футбол құрамаларының кездесуі Ташкенттегі ірі стадионда көрерменсіз өтеді. Бұған қоса ойын телеарнадан да көрсетілмейді. Матч 25 тамызда өтеді.

Осындай шешімді құрама бапкерлері қабылдаған.

"Мұндай ойындарда техникалық әдіс сыналады. Бақылау ойынын жабық өткізіп тұрады. Онда тұрған ештеме жоқ", - деді қырғыз футбол федерациясының баспасөз хатшысы Наталья Угрюмова.

Қырғыз жанкүйерлері мұндай шешімнің басқаша астары барын айтты. 23 тамызда өбек шекарашылары футболға бара жатқан отызға жуық жанкүйерді өткізбей қойды. Өзбекстанда Тәуелсіздік күні қарсаңында қауіпсіздік күшейтілген.

Тәуелсіздік алғалы бері Өзбекстан мен Қырғызстан құрамалары бес мәрте кездескен.

XS
SM
MD
LG