Ссылки доступа

Ислам ынтымақтастығы ұйымының келесі саммиті Өзбекстанда өтеді


Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технологиялар жөніндегі екінші саммиті 2020 жылы Өзбекстанда өтеді. Бұл шешім Астанада өткен бірінші саммитте қабылданды.

Астанада өткен ИЫҰ саммиті барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық отырыста үш жылда бір рет өткізіп тұруды ұсынып, екінші саммитті 2020 жылы Өзбекстанда ұйымдастыруды жауапкершілігіне алатынын айтты.

ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммит 10 қыркүйекте Астанада ашылды. Оған мұсылман елдерінің 80-ге жуық делегациясы мен халықаралық және аймақтық ұйымның өкілдері қатысты.

Өзбекстан басшысы жас ғалымдар үшін білімдері мен тәжірибелерін бөлісетін Халықаралық ислам орталығын құруды ұсынды.

«Энергияның балама көзін пайдалану барлығымыз үшін маңызды. Осыған байланысты барлығымыз инвестиция салып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ашуымыз керек», – деді Өзбекстан президенті.

XS
SM
MD
LG