Ссылки доступа

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ны реформалауды қолдады


АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ-ны реформалауға шақырды. Оның пікірінше, бұл ұйым өз рөлін атқара алмай отыр.

БҰҰ жұмысының нәтижесі бөлінген қаражатты ақтамайды, деді Трамп. Бұл ойын ол дүйсенбі күні БҰҰ-ның Нью-Йорктегі кеңсесінде айтты. АҚШ президенті бұл мәселеде басқа да әлемдік жетекшілердің қолдауына ие болғысы келеді.

АҚШ бұл ұйымға үлкен қаржы бөліп отыр. Құрама Штаттар был оған 600 млн доллар қосқан. Ұйымның жылдық бюджеті - 2,5 млрд доллар. Вашингтон бұған қоса жыл сайын 2 млрд долларды БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына бөліп отыр.

Трамп БҰҰ-ның беделін қалпына келтіруге шақырды. АҚШ президентінің пікірінше, ол үшін ұйым істеген істеріне есеп беріп отыруы тиіс.

XS
SM
MD
LG