Ссылки доступа

Трамп Пхеньянға қарсы санкцияны күшейтті


АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны кеңейтетін жарлық шығарғанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп бұл жайында Нью-Йоркте Оңтүстік Корея президенті Мун Чжу Инмен және Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен бірге түстенетіннің алдында өткізген брифингте айтты.

Трамптың сөзінше, жаңа санкциялар Солтүстік Кореяның текстиль өнеркәсібі, балық аулау, ақпараттық технологиялар және өңдеу өнеркәсібіне салынған. Бұдан өзге, жарлық АҚШ қаржы министрлігіне Солтүстік Кореямен жұмыс істескен кез-келген банкке қарсы санкция салуға құқық береді. Дегенмен, Трамп Пхеньянмен диалог орнату мүмкіндігі жойылмағанын да жеткізді.

Бұған дейін Қытайдың Орталық банкі қытайлық банктердің солтүстік кореялық жаңа клиенттерге қаржылық қызмет көрсетуіне тыйым салып, ағымдағы несиелерді тоқтатуға өкім шығарған. Құжат барлық банктерден БҰҰ-ның Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларын толық орындауды талап етіп, талап орындалмаған жағдайда экономикалық шығын көретінін және беделіне нұқсан келетінін ескертеді.

АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс Пхеньян 3 қыркүйекте осымен алтыншы рет ядролық сынақ жасаған соң күшейген. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар салуға мәжбүрлеген.

XS
SM
MD
LG