Ссылки доступа

Қырғызстанда дауыс сатып алу фактісі бойынша іс қозғалды


Қырғызстанның бас прокуроры Ош қаласында дауыстар сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Құзырлы мекеме мәліметіне қарағанда, екі азамат қала тұрғынына президенттікке үміткер Өмірбек Бабановты қолдау үшін екі мың сом ұсынған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, үгіт-насихат науқаны кезінде дауыс сатып алу фактісі бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып отыр. Іс Ош қалалық сотына жолданды. Ол 3 қазанда қаралады. Заң бұзғандар 300 мың сом айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасын алуы мүмкін.

Дауыс сатып алу фактісіне қатысты тағы бір материал Бішкек қаласының аудандық сотына жолданды. Астаналық бір тұрғын милицияға «Онугуу-Прогресс» штабының өкілі сайлаушылар тауып беру үшін 2 мың сом ұсынды деп арызданған.

Президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

XS
SM
MD
LG