Ссылки доступа

Қырғызстан және Қазақстан үкімет басшылары Ереванда шекара мәселесін талқылайды


Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері Сапар Исаков пен Бақытжан Сағынтаев Ереванда өтетін ЕАЭО үкімет басшыларының отырысында келіссөз жүргізбекші. Бұл ақпаратты Қырғызстан үкіметі баспасөз қызметі растады.

Екі ел басшыларының кездесетіні жайында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та мәлімдеді. Оның сөздеріне қарағанда, кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде шекара, көлік, фитосанитарлы және мал дәрігерлік бақылау, кеден мәселелерін реттейтін "жол картасына қол қойып, ЕАЭО пен ДСҰ ережелері талқыланбақ.

Бұл құжатты әзірлеу жөнінде келісім 18 қазанда Астанада өткен екі елдің премьер-министрлерінің кездесуі кезінде талқыланған. Сонымен бірге "жол картасын" әзірлеуге байланысты жұмыс тобы құрылған.

Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы шекара жағдайы 10 қазаннан бастап қиындай түскен.

XS
SM
MD
LG