Ссылки доступа

Қырғызстан Бабалар өсиеті және тарих күнін белгіледі


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бабалар өсиеті және тарих күнін белгілеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күндер 7 және 8 қараша күнтері атап өтіледі, деп хабарлады мемлекет басшысының аппараты.

Бұған қоса президент Ленин шыңын Манасқа өзгертуді ұсынды. Қырғыз басшысының пікірінше, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейінгі Қазан төңкерісі қырғыз халқына дербес мемлекеттілікті жаңғыртуға алғышарт болды. Дегенмен, соңғы жылдары 7 қарашаның мәні кетіп барады.

"1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен қайғылы оқиғаларға, 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне, советтік кезеңнің сабақтары мен мұрасына, бұған қоса бабалар өсиетін сақтау үшін 7 және 8 қарашаны Бабалар өсиеті және тарих күні ретінде жариялауға қаулы етіледі", - делінген президент жарлығында.

7 қарашада Қырғызстанда Ұлы Қазан социалистік төңкерісінің күні ретінде атап өтіледі. Мұндай мереке бұрынғы совет елдерінде Беларусь пен Қырғызстанда ғана бар.

XS
SM
MD
LG