Мемлекет басшысы аппаратының хабарлауынша, Владимир Путин елдер арасында "стратегиялық әріптестік пен одақтастықты дамытуда" ересен еңбегі үшін I-дәрежелі "Манас" орденімен марапатталды.
Ал Мирзияевке "стратегиялық әріптестікті қалыптастыруда және көрші елдің дәстүрлі достығын нығайтуда сіңірген еңбегі үшін" "Дәнекер" ордені берілген.
Сонымен бірге "Ялла" музыкалық ансамблінің жетекшісі Фаррух Закиров пен КВН одағының президенті Александр Масляков "Достық" орденімен марапатталған.