Ссылки доступа

Гаагадағы сот Младичті өмір бойы түрме жазасына кесті (видео)


Младич во время вспышки гнева в момент оглашения приговора
Младич во время вспышки гнева в момент оглашения приговора

БҰҰ-ның бұрынғы Югославия бойынша халықаралық қылмыстық трибуналы 22 қарашада босниялық сербтер командирі Ратко Младичке үкім шығарды.

Трибунал Младичті 1990 жылдары Босния соғысы кезінде жасалған геноцид, адамзатқа қарсы және соғыс қылмыстарының 11 оқиғасы бойынша айыпты деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

74 жастағы Ратко Младич Босния астанасы Сараеводағы бейбіт тұрғындарды артиллериялық қарудан атқылауға және 1995 жылы шілде айында Сребреницада сегіз мыңға жуық мұсылман ер адамдар мен ұл балаларды қырған қылмысқа байланысты сотталды.

Женщины в Боснии и Герцеговине привествуют приговор Ратко Младичу
Женщины в Боснии и Герцеговине привествуют приговор Ратко Младичу

Младич үкім оқылатынның алдында судьяларға айқайлап, сот залынан шығарып жіберілді. Мұның алдында судьялар Младич адвокатының сот процесін тоқтату туралы талап-арызын қайтырып тастаған.

Прокуратура бұл іске қатысты шамамен 28 мың материал және 410 куәгердің мәліметін жинады. Айыптаушылар оны өлім жазасына кесуді сұраса, қорғаушылар ақтап шығуға тырысты.

XS
SM
MD
LG