Ссылки доступа

Ташкентте транссексуал қызды гомосексуализм үшін айыптады


Ташкент қаласы Юнусабад ауданының тергеушілері, медициналық қорытынды қыздың трансгендер екенін дәлелдегеніне қарамастан, 22 жастағы М.Е.-ге қарсы "гомосексуализм" үшін қылмыстық іс қозғады.

Айыпталушының айтуынша, ол жігітінің үстінен арызданып барған уақытта, құқыққорғау органының қызметкерлері оған қарсы іс қозғаған. "Мен бір жігітпен таныстым, қыркүйекте бірге тұра бастадық. Он күннен соң менің бір туысым маған 300 доллар жолдады. Ол сол ақшаны алып, мені көшеде ұрып, қалған ақшам мен телефонымды алып кетті. Мен милицияға жүгінуге мәжбүр болдым", – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, құқыққорғау органдары ол жігітті үстаған. Оған қарсы қылмыстық іс қозғаған. Бірақ милиция жәбірленушінің үстінен де қылмыстық іс қозғаған.

Айыпталушы тергеушіге өзін жігіт емес, транссексуал екенін дәлелдеуге тырысқан.

Медициналық қорытынды оның жігіт емес екендігін дәлелдеген. "Мен өзімді әйел деп есептеймін", - деді ол.

Бірақ милиция оның медициналық құжаттарын қаперге алмастан, істі Юнусабад аудандық прокуратурасына жолдаған.

XS
SM
MD
LG