Ишметов мұндай мәліметтің алғаш рет жарияланғанын, бұған дейін ол құпия сақталып келгенін атап өтті. Бұған қоса, 2018 жылдың қаңтарынан бастап әрбір мекеме осыған дейін құпия сақталған осы тәріздес мәліметтерді жариялай бастайды.
Өзбекстан алтын валюта қорының жариялануы Орталық Азияда ең бай елдің қайсы екенін анықтауға мүмкіндік береді. Өзбекстан аймақта екінші орында тұр. Қазақстан ең бай ел саналады. Алтын қоры жөнінен соңғы орынды Тәжікстан иеленді.