Ссылки доступа

Ресей, Түркия және Иран үшеуі Сирия жөніндегі келісімге қол қойды (видео)


Хасан Роухани, Владимир Путин и Реджеп Эрдоган провели встречу в Сочи, 22 ноября 2017 года

Ресей, Түркия және Иран үшеуі Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келісімге қол қойды.

Сочидегі үш жақты саммитті қорытындылаған Ресей президенті Владимир Путин үш елдің басшылары Сирия халықтары конгресін ұйымдастыруға келіскенін хабарлады.

Иран президенті Хасан Роуханидің мәлімдеуінше, Конгресс Сирияның жаңа конституциясын жасауға көмектеседі. Соның негізінде елде сайлау өтеді.

Түркия президенті Реджеп Ердоған Сирияда гуманитарлық көмек ашу қажеттігіне тоқталды.

Ресей 2015 жылдың қыркүйегінде Сириядағы әскери операциясын бастады. Батыс елдері Кремльді Башар Асад жүйесін қолдағаны үшін сынап келеді.

XS
SM
MD
LG