Ссылки доступа

Қырғыз парламенті ЕАЭО-ны тиімсіз институт деп атады


Қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайды реттей алмаған ЕАЭО-ны тиімсіз бірлестік деп атады. Бұл туралы парламенттің 23 қарашадағы отырысында "Ата Мекен" фракциясының депутаты Каныбек Иманалиев мәлімдеді.

Оның пікірінше, Қырғызстан үкіметі осы жағдайдан сабақ алуы керек:

"Бес мемлекет одақта әріптеспіз деп атайды, бірақ олардың ешқайсысы Қырғызстанның экономикалық блокадасы туралы ештеме айтпады. Бұны экономикалық бірлестік деп қалай атауға болады? Дүниежүзілік сауда ұйымы бұл мәселені қарай бастады. 200 млн доллар шығын келді, екі келісім бұзылды. Сол себепті сыртқы сауда ДСҰ арқылы жүруі керек".

Иманалиев Қазақстандағы депутат әріптестерге үндеу жариялауға шақырды.

10 қазанда Қазақстан шекарадағы тексеру-бақылауды күшейтті. Ресми Астана бұны қырғыз президенттік сайлауымен байланыстырды. Кейін қазақ билігі Қырғызстан тауарлары ЕАЭО талаптарына сай емес деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG