Тергеушілер Акиловтың сыра таситын көлікті ұрлап әкетіп, оны 7 сәуірде көше толы адамдарға қарай жүргізген деп отыр. Сот мәлімдемесінде айтылғандай, Акилов прокурордың күдіктіні ұстау мерзімін ұзартуға қатысты өтінішіне шағымданбаған. Оған терроризге қатысты айыптар тағылған.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Акиловты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымдары өздеріне қаратып алған. Ол 2014 жылы Швецияға көшіп кеткен екен.