Ссылки доступа

Брюссельде бесінші рет "Шығыспен әріптестік" саммиті өтеді


Брюссельде бесінші мәрте "Шығыспен әріптестік" саммиті ашылды. Оған постсветтік алты ел - Украина, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан және Беларусь қатысады. Кездесу екі жылда бір рет өтіп тұрады.

"Шығыспен әріптестіктің" басты мақсаттарының бірі – Еуроодақ пен ТМД шекараларында тұрақтылық пен демократия орнату, экономикалық интеграцияны дамыту.

Жұма күні саммитте Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй сөз сөйлейді. Ол Ресей тарапынан болып отырған қауіп туралы айтады. Британ премьері баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мэй посткеңестік елдерді "Мәскеуден болып жатқан әрекеттермен бірлесіп күресуге" шақырады. Ұлыбритания "Шығыспен әріптестік" елдерінде жалған ақпаратпен күресу үшін шамамен 100 миллион фунт бөледі.

"Шығыспен әріптестік" 2009 жылы Еуроодақтың бастамасымен құрылды. Бұл бағдарламадағы үш ел - Украина, Грузия және Молдова ЕОмен қауымдақстық туралы келісімге отырып үлгерді. Сол арқылы еркін сауда аумағы құрылады, бұл елдің азаматтары Шенген келісіміне визасыз кіреді. Ресей "Еуропалық әріптестік" оның экономикасына қауіпті екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Брюссель бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG