Ссылки доступа

БАҚ: Трамптың бұрынғы кеңесшісі арнайы прокурормен жұмыс істей бастады


АҚШ президентінің бұрынғы кеңесшісі Майкл Флинн арнайы прокурор Роберт Мюллермен жұмыс жасай бастады. Мюллер Ресейдің америкалық президент сайлауына араласқан-араласпағанын тергеп жүр.

New York Times газетінің хабарлауынша, Флинн адвокаттары АҚШ президенті Дональд Трамптың заңгерлерімен Мюллер тергеуіне қатысты мәліметтермен бөлісуді тоқтатқан. Бұған дейін олар ақпарат алмасуға келіскен еді.

Қараша айының басында америкалық NBC News телеарнасы арнайы прокурор Роберт Мюллердің Флинн мен оның ұлына айып тағуға дәлелі жеткілікті екенін хабарлаған.

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Демократиялық партия сайтына хакерлік шабуылды ресейлік билік ұйымдастырды деп есептейді. Дональд Трамп бұл айыптауларды бірнеше мәрте жоққа шығарды.

Майкл Флинн президент Трамптың кеңесшісі болып 24 күн ғана істеді, оның ресейлік дипломаттармен байланысы бары белгілі болған соң, ол бұл қызметтен кетті.

XS
SM
MD
LG