Ссылки доступа

Ташкент кафелеріндегі рейд: милиция жүздеген адамды ұстады


Ташкент қаласының Чилинзар ауданындағы кафелерде милиция жүргізген рейд нәтижесінде жүздеген адам ұсталды. Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 16 жезөкше, тіркеуде жоқ 300-ден астам адам, халықаралық іздеуде жүрген бір шетел азаматы ұсталды.

Ташкент қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қарашада милиция бірнеше кафеге тексеру жүргізген.

"Тексеру кезінде 45 адамды аудандық ішкі істер басқарасына жеткізді. Олардың ішінде 16 әйел жезөкшелікпен айналысатыны анықталды", – делінген хабарламада.

«JAGUAR» кафесі маңында ішімдік ішкен 5 азамат ұсталды. Оларға әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұған қоса, 363 тұрғын республиканың басқа облыстарынан келген, олар астанада тіркеуде тұрмағаны анықталды.

"17 адам пәтерлерін келісім-шартсыз жалға бергені анықталды, оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады Ташкент қаласы милициясының баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG