Ссылки доступа

Қырғызстандағы тергеу абақтысынан аса ауыр қылмыстар бойынша төрт күдікті қашып кетті


Қырғызстанның Шу облысы Сокулук ауданындағы уақытша тергеу абақтысынан төрт күдікті қашып кетті. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ баспасөз хатшысы Эрнис Осмонбаев хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, оқиға 27 қарашада таңғы сағат алтыда тіркелді. Осыған байланысты Бішкек қаласы және Шу облысы ішкі істер органдары "Сирена" іздестіру жоспарын жариялады. Іздеу жүріп жатыр.

Хабарларға қарағанда, қашып кеткендер кісі өлтіру, тонау секілді ауыр қылмыстар жасаған деген күдікке ілінген. Олардың үстерінен сот жүріп жатқаны хабарланды.

Бұған заң бағасын беру үшін іс материалдары прокуратураға жолданды. Бұл уақытта стационар бекеттер күшейтілген тәртіпке көшті.

XS
SM
MD
LG