Ссылки доступа

Тәжікстандағы "Фон-Ягноб" кенішінде 100-ден астам жүк көлігі қар астында қалып қойды (видео)


Тәжікстанның Айни ауданындағы «Фон-Ягноб» кенішіне көмір әкелуге барған 100-ден астам ірі жүк көлігі қар астында қалып қойды.

Жүк көлігін жүргізушілердің бірі Фарход Раджабовтың 26 қарашада хабарлауынша, көмектің қашан келетіні әлі белгісіз. Олар мұнда бірқатар кәсіпорындар мен мектептерге тезірек көмір жеткізу үшін жолға шыққан.

​«Фон-Ягноб» - Тәжікстандағы ең ірі көмір кешіні. Ол душанбелік ЖЭО, "Талко" алюминий компаниясын, «Тәжікцемент» және «Хуаксин Гаюр цемент» компанияларын көмірмен қамтамасыз етеді.

Ірі кәсіпорындарда көмір қолдану 2012 жылы басталған. Сол кезде Ташкент Тәжікстаннан табиғи газын Тәжікстанға бермей қойған.

Тәжікстанда көмір өндірісі жыл сайын өсіп келеді. Қазіргі таңда елде 200-ден астам компания көмір өндірумен айналысады.

XS
SM
MD
LG