Сот үкімі өткен апта соңында Худжанд қаласына оқылған. Айыпталушы "Экстремистік ұйымға қатысуы" деген бап бойынша сотталған. Саломовтың туыстары оның өзіне тағылған айыптарды мойындамағанын айтады.
Соғды облысының жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының дәрігері 41 жастағы Абдумалик Саломов бірге оқыған сыныптасы және танысымен бірге тамыз айында ұсталған. Олар Тәжікстанда тыйым салынған «Салафия» қозғалысының мүшелері деген күдікке ілінген.
Саломовтың өзі Тәжікстан медициналық университетінің түлегі. Он жыл көлемінде Мәскеуде жұмыс істеп, екі жыл бұрын отанына оралған.