Ссылки доступа

Сирия үкіметі оппозициямен келіссөзді кейінге қалдырды


Стаффан де Мистура

Сирия үкіметінің делегациясы Женевада оппозиция өкілдерімен келіссөз өткізуді кейінге қалдырды. Бұл туралы Сирия үкіметінің "Әл-Ватан" басылымына сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.

Басылым мәліметінше, Дамаскінің мұндай шешімді оппозиция өкілдері президент Башар Асадтан Сирияда өтпелі кезең басталғанға дейін отставкаға кете тұруын талап еткен соң қабылдаған.

БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура Дамаскінің Женеваға сапарын кейінге қалдырғанына қатысты комментарий бермеді. Мистураның кеңсесі Сирия үкіметі мен оппозиция арасындағы келіссөздің кезекті раунды 28 қарашада бұған дейін белгіленген жоспар бойынша өтетінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG