Ссылки доступа

Өзбекстан Ислам Каримовтың туғанына 80 жыл толуын кең көлемде атап өтеді


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "Өзбекстанның тұңғыш президенті, ұлы саяси және мемлекет қайраткері Ислам Әбдіғаниұлы Каримовтың туғанына 80 жыл толуын тойлау" туралы қаулыға қол қойды.

Құжатта айтылғандай, жарлық "Өзбекстанның тұңғыш президенті Каримовтың республика тәуелсіздігіне қосқан зор тарихи үлесін ескере отырып, бұған қоса оның мұрасын ғасырларға жеткізу мақсатында" қабылданған.

Атап айтқанда, 2018 жылы қаңтарда Самарқанда Каримовтың ескерткіш қабірін ресми түрде ашылады (оның зиратына Каримов жерленгеннен бастап бара бастаған) және Өзбекстанның оңтүстік-батысындағы облыс орталығы - Карши қаласында оған ескерткіш қойылады.

Могила Каримова – новая туристическая достопримечательность Узбекистана
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:16 0:00

Бұған қоса Каримовтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсіріледі, тұңғыш президент жазған кітаптар мен оған арналған шығармалар басылады. Самарқанда халықаралық "Ислам Каримов - Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің негізін қалаушы" ғылыми конференциясы өтеді.

Кто против памятника Исламу Каримову в Москве
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00

Білім беру мекемелерінде, әскери бөлімдерде, еңбек ұжымдарында және жергілікті өзін өзі басқару органдарында оның құрметіне арналған кездесулер ұйымдастырылады.

Каримов 1938 жылы 30 қаңтарда дүниеге келді. Ол Өзбекстанды 1991 жылдан бастап басқарды. Ресми түрде ол 79 жасында 2016 жылы 2 қыркүйекте дүние салды.

XS
SM
MD
LG