Ссылки доступа

Тәжікстанда сарбаздың прапорщикті кепілге алу оқиғасынан соң төрт офицер жұмыстан шығарылды


Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара әскері бас басқармасы Даравоз ауданындағы әскери бөлімдегі төрт офицерді жұмыстан шығарды. Бұл бөлімде сарбаз өзінен шені жоғарыны кепілге алған.

Осы іске қатысты тергеу құпия жүргізіліп, соттың қарауына берілді. Оқиға 25 тамызда Вишхарв қышлағының аумағында болған. Сарбаз Сафарбек Хоновты шекара бекетінің прапорщигін үш сағат кепілде ұстаған соң атып өлтірген.

Әскери прокуратура әскери бөлімнің жұмыстан шыққан төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Айыпталушылар сот шешімі шыққанша бостандықта болады.

Сафарбек Хоновтың туыстары кінәлілер әділ жазасын алады деп үміттенеі. Олар Сафарбек мұндай әрекетке қатты психологиялық қысыммен барған деп болжайды.

XS
SM
MD
LG