Тиллерсонның айтуынша, Батыс Ресеймен жаңаша қарым-қатынас орнатуға ұмтылып отыр, бірақ мұны елеске теңеуге болады. Украинадағы жанжалды реттемейінше, Вашингтон мен Мәскеу қарым-қатынасын жақсарту мүмкін емес, деп мәлімдеді Рекс Тиллерсон.
Оның айтуынша, Мәскеумен әріптестік дамытатын салалар баршылық. Мысалы, "Ислам мемлекетімен" күрес және ауған мәселесін шешуде әріптес болу.