Жолаушы пластикалық карта сатып алып, оған тиісті ақша салады. Карталарды қоғамдық көлік жүргізушілерінен және терминалдардан сатып алуға болады.
Автобус және троллейбустарға арнайы валидаторлар орнатылады. Онда автоматты түрде жолаушының картасынан тиісті сома алынады.
Астана әкімшілігінің хабарлауынша, картаның үш түрін әзірлеп жатыр - жеңілдетілген (зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған) қызметтік және қалыпты.
Жаңа төлем жүйесі енгізілгеннен кейін, жол ақысы қымбаттайды ма, жоқ па, жергілікті билік әзірге жауап бермеді.