"Шешілуге тиіс проблемалардың аса күрделі екенін есепке алып, біз қауымдастық төралқасын басқаруды Әлия Назарбаевадан сұрадық. Оның экологиялық және білім бағдарламасын алға жылжытуға қатысты орасан тәжірибесі бар, – деп мәлімдеді қауымдастықтың басқарма төрайымы Айгүл Соловьева сәрсенбі күні Астанада өткізген баспасөз мәслихатында.
Әлия Назарбаева – Қазақстан президентінің үшінші қызы. Ол "Еуропа+" радиосында директордың көмекшісі қызметін атқарды. Банктердің бірінде заң департаментін басқарды, телекоммуникация саласында жұмыс істеді. Соңғы жылдары ол "Қазақфильмде" түсірілген бірқатар фильмдерге продюсерлік етті. Атап айтқанда, Томирис фильміне продюсер болды.