Аудиожазбада түсінікті болғандай, жиналыс кезінде залда отырған екі әйел өзара сөйлесіп отырған. Ашуланған қала әкімі Дилмурад Рахматуллаев оларды балағаттайды.
«Мына жерде екі шиебөрі не істеп отыр. Кемпір, шиебөрі, мына екі мақұлық. Кәпірлер. Мынау екі мал отырып алып, өзара сөйлесіп отыр. Мұнда енді келуші болмаңдар. Ауыл әкімдерімен бірге келуші болмаңдар. Егер олар өлетін болса, мен жаназасына барамын», – дейді Дилмурад Рахматуллаев екі әйелге қаратып.
Белгілі болғандай, әкім балағаттаған екі әйелдің бірі 40 жылдық өтілі бар мұғалім болған. «Ауылда әкімнің мені балағаттағаны жөнінде әңгіме кең тарап жатыр. Мен оны Аллаға жіберемін», – дейді мұғалім.
Осыған дейін Әндіжан басшысы Дилмурад Рахматуллаевтың мақта теріміне көңілі толмаған колледж және академиялық лицей басшыларын балағаттаған аудиожазбасы шыққан.