Ссылки доступа

Өзбекстанда ауру әйелді жезөкшелікке итермелеген жігітті 10 жылға соттады


Бұхара облысының тұрғыны Шерали Махмудовты адам саудасы үшін он жылға соттаған, оның адвокаты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Арыз 1 желтоқсанда қаралады.

17 қазанда шығарылған сот үкімі бойынша, Түркияда Махмудов онкологиялық ауруын емдеу үшін барған Өзбекстан тұрғыны Севара Гулямованы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Махмудовтың адвокатының пікірінше, сот үкімі әділ болмады. Ол өзінің қорғауындағы азаматты сот залынан босатуын сұрады.

Еске салайық, тамыз айында Ташкенттің 37 жастағы тұрғыны Севара Гулямова бір жыл бұрын үш ай сексуалдық құлдықта болғанын мәлімдеп, сотқа шағымданған.

XS
SM
MD
LG