Ссылки доступа

"Қазақмыс": кеншілермен еңбек дауын реттедік


"Қазақмыстың" және белсенділердің хабарлауынша, кеншілердің жалақыны көтеру және еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі талаптары бойынша келіссөз жүріп, мәмілеге келген.

"Қазақмыс" корпорациясы 30 қарашада кешкісін "Жезқазғантүстімет" кәсіпорнының Оңтүстік- Жезқазған кенінде орын алған еңбек дауы реттелген. Корпорацияның барлық кәсіпорны жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады.

29 қарашада ондаған кенші шахтадан шығудан бас тартып, еңбек ақыларын 70 пайызға көбейтуді, зейнетақыға үстеме қосуды және емделу-сауықтыру мекемелерінде тегін емделуді талап еткен.

Әртүрлі мәліметтерге қарағанда, бірнеше жүз кенші митингке шыққан.

Наразылық шарасын бақылаған жезқазғандық белсенді Берік Жағыпаров кеншілердің талабы жартылай қанағаттандырылды деді. Атап айтқанда, еңбек ақыны көтеруге қол жеткізген.

"Қазақмыс" корпорациясы түрлі-түсті металл өндіретін әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады.

XS
SM
MD
LG