Ссылки доступа

Назарбаев Жээнбековті Қазақстанға шақырды (видео)


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның жаңа басшысы Сооронбай Жээнбековті Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырған. Ол бұл жөнінде Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымы (ҰҚШҰ) сессиясы аясында өткен екіжақты кездесуден кейін журналистерге мәлімдеді.

Назарбаев Жээнбековті президент болып сайлануымен құттықтады. Ол екі ел халықтары арасындағы "тату көршілік қарым-қатынастарды" қалпына келтіру қажетін айтты.

"Екі ел шекарасындағы жағдайдың себептерін барлығымыз білеміз. Сондықтан біз екі ел үкіметтері жасаған жол картасы бар, екі елдің жұмысшы топтары бұл жол картасын талқылап, қол қояды деген шешім жасадық" деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті екі тарап шекараның Қазақстан жағынан да, Қырғызстан жағынан да қадағалау орнататын болып шешім қабылдағанын айтты. Сонымен қатар Еуразия экономикалық одағынан (ЕАЭО) үш адам жүктерді қарап, өткізіп тұрмақ. Қытаймен шекарада да осындай тексеру және өткізу жүйесі орнатылады.

Қазақстан 10 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекарада тексеруді күшейтіп, тексеру және өткізу бекеттерінде көлік және адам кезегі көбейген. Астана тексерудің күшейтілгенін контрабандамен күрес шарасы деп атайды. Бірақ ресми Бішкек осы кезге дейін Қазақстан жағы шекарада "қолдан кедергі жасап отырғанын" айтқан.

XS
SM
MD
LG