Ссылки доступа

Милиция экс-муфтиінің көп әйел алу туралы мәлімдемесін тексеретінін айтты


Құқық қорғау органдары Қырғызстанның экс-муфтиі Чубак Жалиловтің екінші әйелі мен көп әйел алуға шақыру жөніндегі мәлімдемесін тексеретін болады.

ІІМ хабарлауынша, мәлімдеме тексеріліп, заңдық баға беріледі. Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 153- бабы көп әйел алуға жол берілген жағдайда, екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Осыған дейін Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы болған Чубак Жалилов Youtube парақшасы арқылы екінші әйел алу туралы мәлімдеме таратқан.

Ол мәлімдемесінде заңды орындауға тырысатынын, бірақ бірге тұруға тыйым салынбайтынын айтқан. Жалилов сонымен бірге кімде мүмкіндік болса, екінші рет үйленуге кеңес беретінін жеткізген.

Парламент депутаты Аида Касымалиева мен Эльвира Сурабалдиева экс-мүфтидің мәлімдемесін тексеруді сұрап, ІІМ мен Бас прокуратураға шағымданған.

XS
SM
MD
LG