Ссылки доступа

Ауғанстан президенті 4 желтоқсанда Ташкентке барады


Ауғанстан басшысы Ашраф Ғани 4 желтоқсанда ресми сапармен Өзбекстанға бармақ. Бұл Ислам Каримов халықаралық әуежайына Кабул-Ташкент рейсін қабылдау рәсімінде белгілі болды.

Ауғанстан президентінің сапары жөнінде Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов хабарлады.

"Осыған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан Ауғанстандағы саяси жағдайдың реттелгенін қалайды. Біз бұл мәселені талқылайтын боламыз. Екі елдің қарым-қатынасын нығайтуды қолдаймыз", – деп атап өтті Камилов.

Ол сөзінде Ауғанстандағы бірқатар қиындықтарға қарамастан, сауда, экономикалық және гуманитарлық байланысты сақтауға тырысатынын айтты.

"Бізде ортақ шекара бар. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бірнеше миллион өзбек Ауғанстанда тұрып жатыр. Біздің ежелгі тарихи, мәдени байланысымыз бар. Біз бұл елмен достық қарым-қатынасты дамытуымыз керек", – деді Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов.

XS
SM
MD
LG