Ссылки доступа

Ашхабадта жалған "Starbucks Coffee" жабылды


Ашхабадта бүкіл әлемге әйгілі бренд "Starbucks Coffee” жазуы ілінген кафе жабылды деп хабарлайды Азаттық дереккөзі.

Дереккөздің хабарлауынша, қазіргі уақытта "Багтыярлык" сауда орталығында орналасқан "Starbucks" орнында "Стадион" деген жазуы бар кафе жұмыс істеп тұр.

"Багтыярлык" сауда орнының әкімшілігі әйгілі брендті кафенің неге жабылып қалғанын түсіндірмейді. Алайда дереккөздің хабарлауынша, “Starbucks Coffee” деген жазуы бар кафе шын мәнінде әлемге әйгілі тауар маркасына ешқандай қатысы болмаған.

"Мен нақтылай аламын. Бізде Түркіменстанда сауда нүктеміз жоқ", -деп хабарлады "Starbucks" компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Хайме Райлей (Jaime Riley).

XS
SM
MD
LG