Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік департаменті Тиллерсонның отставкасы жайлы хабарды жоққа шығарды


АҚШ мемлекеттік департаменті осы елдің мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның "отставкаға кету жоспары"туралы бірқатар БАҚ жариялаған ақпаратты терістеді.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Тиллерсон мен президент Дональд Трамп "саяси бағытқа қатысты мәселелер"бойынша ғана екі басқа көзқарас ұстанған. Бұған дейін Ақ үй әкімшілігі мемлекеттік департаментте ауыс-түйіс жоспарланып отырған жоқ деп мәлімдеген.

Қарашаның 30-ы күні The New York Times басылымы президент Трамптың әкімшілігі Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметінен босатып, оның орнына орталық барлау басқармасы (ЦРУ) басшысы Майк Помпеоны тағайындауды жоспарлап отыр деп хабарлаған. Кейін осындай ақпаратты Associated Press пен Reuters агенттіктері және өзге де бірқатар басылымдар жариялаған.

Қазан айының басында NBC телеарнасы Тиллерсон Трамппен тіл табыса алмағандықтан қызметінен кетпекші деп хабарлаған. Телеарна дерек көздеріне сілтеме жасап, шілде айында Пентагонда өткен кездесуден кейін мемлекеттік департамент жетекшісі президент туралы дөрекі пікір білдірді деген ақпарат таратқан. Кейін Тиллерсон бұл хабарды жоққа шығарып, бұрынғысынша "президентті қолдаушы" болып қалатынын айтқан болатын.

XS
SM
MD
LG