«12 соққылағыш тікұшақ жеткізу туралы келісім қабылданды, әскери техника 2018 жылдан бастап жеткізіле бастайды. Ұзаққа созылған келіссөздер Ресей үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің Өзбекстанға жақында жасаған сапары кезінде аяқталды», – деді дереккөз.
Оның мәліметі бойынша, қазір Өзбекстан астанасында «Рособоронэкспорт» делегациясы жүр, олар республиканың қорғаныс өнеркәсібіне қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр. «Ресейлік мамандар республикаға өзбектердің шақыртуымен барды. Өткен жылы әскери-техникалық әріптестік туралы келісімді жүзеге асырып жатыр», – деді дереккөз.
Ресей мен Өзбекстан арасындағы әскери-техникалық әріптестік туралы келісім 2016 жылы Мәскеуде қабылданған.
Ми-35М тікұшағы бронды техниканы жоюға және құрлық әскеріне көмектесуге, сондай-ақ жеке құрам мен жүк тасымалдауға арналған.