Ссылки доступа

Ресейлік миллиардер Өзбекстанда ірі газ жобасының үлесін сатып алды


.
.

Ресейлік кәсіпкер Андрей Филатовтың Brighttree Holding LTD компаниясы Өзбекстанда "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" кенішін өндіру жобасында Бахтиер Фазыловтың Altmax Holding Ltd компаниясы үлесінің 50 пайызын сатып алды. Осылайша жобадағы жаңа инвестордың тікелей үлесі 37,5 пайыз болды, деп хабарлады «Коммерсантъ».

Газ кешенін игеру 2017 жылы сәуірде қабылданған келісім негізінде жұзеге асады. Surhan Gas Chemical Operating Company операторының қалған акционерлері - Gas Project Development Central Asia AG (Газпромбанк және «Газпрома») және «Узнефтегаздобыча».

Андрей Филатов Globaltrans және «Трансойл» темір жол операторларында, сондай-ақ Global Ports контейнерлер терминалы операторында қомақты үлеске иелік етеді.

Шамамен 100 млрд текшеметр қоры бар "Тәуелсіздікке 25 жыл" кешенін игері барысында газ-химиялық кешен салынады. Жобаны жалпы құны - шамамен 5 млрд доллар. Бірақ коммерциялық шарттары кейін келісіледі, деп түсіндірді Филатов өкілі.

«Өзбекстан қазір инвесторларға жақсы жағдай жасап отыр», – деді ол.

XS
SM
MD
LG