Қаза тапқан тергеушінің аты-жөні - капитан Мухиддин Зохидзода. Ал жарақат алған адам ауруханада жатыр.
Дереккөздің хабарлауынша, жарылыстың қатты болғаны соншалық, милиция ғимаратының шатыры зақымданған.
Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали болған жарылысты растады. "Бір адам қаза тапты. Жарылыстың себебі тексеріліп жатыр", - деп мәлімдеді ол.
Ал дереккөздің хабарлауынша, марқұм капитан Зохидзода жарылғыш заттарды тіркеуден өтізіп жатқан кезде, жарылыс орын алған.