СІМ мәлімдеуінше, "2017 жылдың 2 желтоқсанында сағат 19.00 шамасында таулы Навободта Шамсиддин Шохин ауданында 12 қарулы контрабандашы, Ауғанстан азаматтары шекарадан заңсыз өткен. Шекарашылармен атыс болған. Осыдан кейін күдіктілер Ауғанстан жағында бой тасалап қалған".
ТР мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі комитеттің қоғаммен байланыс орталығы "заң бұзушылар шекарашылардың қаруларыңды тастаңдар деген талаптарын тыңдамай, оларға қарсы оқ атты" деп мәлімдейді. Атыстан командир Ахтамов Хайриддин қаза тапқан. Төрт шекарашы жараланған.
Қақтығыс кезінде 3 ауған контрабандашы қаза тапқан.
СІМ нотасы ауған билігіне 3 желтоқсанда жіберілген.