Ссылки доступа

АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропадағы дипломатиялық сапары басталады

Рекс Тиллерсон дүйсенбі күні дипломатиялық миссиямен Еуропаға аттанады. АҚШ Мемлекеттік департаменті сайтының хабарлауынша, америкалық дипломатия басшысы НАТО, ЕО, ЕҚЫҰ отырыстарына қатысып, 5-7 желтоқсанда Брюссель мен Венада Бельгия және Австрия өкілдерімен жекелеген кездесу өткізеді.

Мемлекеттік департамент Тиллерсонның Венада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескісі келетінін де хабарлады. 8 желтоқсанда Тиллерсон Парижге барып, Сирия, Ливан, Ливия және Солтүстік Корея мәселелері жөнінде келіссөздер өткізеді. Бұған қоса ол Брюссельде ЕО сыртқы саясат қызметінің басшысы Федерика Могеринимен жүздеседі.

Хабарларға қарағанда, Тиллерсон осы сапары барысында "ресейлік қауіпке" қарсы АҚШ пен Еуропа одағын нығайтуды көздеп отыр. 28 қарашада Вашингтонда сөйлеген сөзінде ол "қауіптің күшейгенін" баса айтумен болды.

Еске салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі күні Тиллерсн отставкасы туралы БАҚ мәліметтерін жоққа шығарды, бірақ ол екеуінің арасында кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктер барын жасырмады.

Бұған дейін New York Times газеті президент әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Тиллерсонның орнына жақында Орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео келуі мүмкін деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG