Ссылки доступа

Өзбекстан біріңғай туристік виза енгізді


Өзбекстан бір айға берілетін біріңғай туристік виза енгізді әрі оның бағасын 40 долларға дейін түсірді деп хабарлайды жергілікті БАҚ туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап.

Бұл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жарлығына сәйкес қабылданған. Аталған шешім 2018−2019 жылдарға арналған туризмді дамыту бағдарламасына енгізілген.

Енді шетелдік азаматтар 30 күнге жарайтын біріңғай туристік виза ала алады. Осыған дейін шетел азаматтары қысқа мерзімді (7-15 күнге дейін) виза алып келген.

Визаны рәсімдеу құны 60 доллардан 40 долларға дейін түскен.

XS
SM
MD
LG