Ссылки доступа

Қазақ-қырғыз шекарасында кезек жоқ


Қазақстанмен шекарада кезек жоқ, өткізу пунктерінде бірде бір жүк көлігі қалмады, деп хабарлады Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі.

Мекеме мәліметіне қарағанда, тексеру-өткізу пунктерінде кезек 4 желтоқсанда жойылған. Көліктерді өткізу қалыпты жүйе бойынша жүргізіліп жатыр.

10 қазанда Қазақстан шекара бақылауын күшейтті, соның салдарынан өткізу пунктерінде кезек пайда болды. Қырғыз үкіметі Астананы айыптап, ЕАЭК және ДСҰ-на шағымданды.

30 қарашада Қазақстан мен Қырғызстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков Минскіде кездесуден соң шекарадағы жағдайды реттеу үшін жол картасын қабылдауға келіскендерін жариялады.

2 желтоқсанда екі елдің үкіметтері құжатқа қол қойды. 3 желтоқсанда Қазақстан шекарадағы күшейтілген жүйені алып тастады.

XS
SM
MD
LG