Ссылки доступа

Ресей Қазақстан мен Қырғызстанның жеміс-жидегін өткізбей қойды.

Ресей билігінің хабарлауынша, желтоқсанның басында Новосибирск облысына Қазақстан мен Қырғызстаннан келе жатқан жеміс-жидекті өткізбей қойды.

76 тонна өнім «Карасук» бақылау пунктінен өткізілмеген. Қырғыз құрмалары, алмалары мен қауындары және қазақстандық пияз салынған қаптарға арнайы белгі соғылмаған. Бұған қоса өрік-мейіз, қызыл күріш, жаңғақ өнімдеріне фитотазалық куәлігі берілмеген.

Бұл өнімдер кейін қайтарылғаны хабарланды.

Бұған қоса бірнеше келі алмұрттың көзі жойылған. 36 келі алмұртты Қазақстаннан фитосанитарлық куәліксіз өткізгісі келген.

XS
SM
MD
LG