Ссылки доступа

БҰҰ ҚК АҚШ-тың Иерусалимге қатысты ұстанымын шұғыл жиналыста талқылайды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп тануына байланысты шұғыл жиналыс өткізеді. Бұл туралы Рейтер хабарлады.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттерешке Қауіпсіздік Кеңесінің 15 мүшесінің сегізі - Франция, Боливия, Египет, Италия, Сенегал, Швеция, Ұлыбритания және Уругвай осындай өтініш жасаған. Жиналыс жұма күні өтеді.

6 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп "Иерусалимді Израиль астанасы деп ресми танитын уақыт келді" деді. Трамп АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіре бастауға жарлық етті. Елшілікті көшіруге үш-төрт жыл қажет.

Араб елдері Трамптың мұндай шешімін қатты сынға алды. Еуропалық одақтың сыртқы істер жөніндеші Жоғарғы өкілі Федерика Могерини палестиналықтар мен израильдіктердің бейбіт келісіміне нұқсат келтіретін шешімнен бас тарту керектігін мәдімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш "бейбітшілікке қауіп төндіретін біржақты шешімдерге үнемі қарсы" екенін айтты.

XS
SM
MD
LG