Демократиялық партия басшылығы мұны "еріккеннің ермегіне" балап, бос уақыт өткізу деп атады. Өйткені Өкілдер палатасындағы көп орын Республикалық партияға тиесілі.
Дегенмен 58 демократ импичментті қолдап дауыс берді, 364 "қарсы" дауыс тіркелді.
Трамп өкілетін уақытынан бұрын үзу туралы қарарды конгрессмен Ал Грин бастап шығарды. Грин Техастағы өз округынан 14 жыл бойы өкіл болып келеді. Бұл ойын ол қазан айында жүзеге асырғысы келген, бірақ әріптестері сол кезде оны тоқтатқан. Гриннің пікірінше, Трамп америкалық қоғамға орасан зор нұқсат келтіріп отыр.
Ақ үй Трин мен оның жақтастарын "өткен сайлауда Трамптың керемет жеңісін" мойындағысы келмеген "экстремистер" деген мәлімдеме таратты.