Тиісті қаулыға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қол қойған.
Зауыт аумағында сонымен қатар Каримовке арналған мемориалды кешен салынды. Кешенде "Ислам Каримов және Өзбекстандағы көлік өнеркәсібінің дамуы" деген тақырыпта көрме-мұражайы ашылды.
Асака ауданындағы көлік зауытының көліктері республикаға ғана емес, сыртқы нарыққа да шығарылады.
Өткен жылы Асакадағы көлік зауыты құрылғанына 20 жыл толғанын атап өткен.