Ссылки доступа

Әндіжанда мектептерді оқушылар есебінен жылытып отыр


Өзбекстанның Әндіжан облысында бірнеше мектеп табиғи газдан ажырап қалған соң, оқушыларға көмір мен ағаш әкелуге мәжбүрлеген.

Ата-аналар отыны жоқ балалардан 20 мың сумнан (2,5 доллар) жинап алып жатқанын айтты. Мектеп әкімшілігінің талаптарын орындамағандарға директорлар қысым көрсетіп жатыр.

Орта мектеп қызметкерлері бұл мәліметті растады. Әндіжандағы бір мектептің директоры мектепті отынмен қамтамасыз ету туралы өтінішті жағдайы бар отбасыларға ғана жасағанын айтты.

"Бұның бәрі балалар суық орында отырмас үшін жасалып жатыр", - деді ол.

Әндіжан облысы әкімшілігі басшысының көмекшісі бұл ақпаратты жоққа шығарды. "Бізде газ бар, оны барлығы алады", - деп мәлімдеді ол.

XS
SM
MD
LG